Елімізде қанша педагог жұмыс істейді?

30 Қыркүйек 2022, 19:00 2574

Ұлттық статистика бюросы деректерді жария етті

2021-2022 оқу жылында Қазақстандағы педагогтер саны 555 014 адамды құрады, деп хабарлайды El.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Былтырғы оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымдарда 96 723 педагог еңбек етті, оның ішінде:

- 30 жасқа дейінгі педагогтер – 22,7% (21 931 адам)

- 30 - 39 жас аралығындағы педагогтер – 32,4% (31 363 адам)

- 40 - 49 жас аралығындағы педагогтер – 26,1% (25 259 адам)

- 50 - 59 жас аралығындағы педагогтер – 16,2% (15 662 адам)

- 50 жастан жоғары педагогтер – 2,6% (2 508 адам)

- зейнет жасындағы педагогтер – 2,5% (2 445 адам).

Мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет жасайтын 3 826 ұстаз ағылшын тілін меңгерген.

Жалпы білім беретін мектеп ұстаздарының саны өткен оқу жылында 385 830 адамды құрады, оның ішінде 80% астамы – әйелдер (311 623 адам).

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында былтыр36 083 педагог еңбек етті, оның ішінде әйелдердің үлесі – 72% (25 985 адам).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басында оқытушылардың негізгі (штаттық) құрамының саны 36 378 адамды құрады.

Оның ішінде академиялық дәрежесі бойынша:

- 13 818 педагог магистр – 38%

- 11 116 педагог ғылым кандидаттары – 30,5%

- 3 410 педагог философия докторлары (PhD) – 9,4%

- 2 649 педагог ғылым докторлары – 7,3%

- 138 педагог бейіні бойынша доктор – 0,4%.

Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың ең көп саны Алматы қаласында (4 489 адам), одан кейін Астанада (1 387 адам) және Қарағандыда (1 230 адам) тұрады.

Айта кетейік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің 45% (16 368 адам) 40 және одан жоғары жаста, 30-39 жастағылар – 25% (9 079 адам), зейнет жасындағылар – 18,8% (6 842 адам), 30 жасқа дейінгілер – 11,2% (4 089 адам).

Бөлісу: