Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл ана өлімі жиі тіркелген өңірлерді атады, деп хабарлайды El.kz.
«Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ті құрап отыр. Нәрестелер өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. 33% жағдайда 1 000 граммға дейін шала туған, салмағы аз балалар шетінеген», - деді министр.
Дегенмен, биыл елімізде ана мен бала өлімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендегенін атап өтті.