Елімізде Алматы мен Астанада ауа сапасының төмендейтінін болжанып отыр

25 Маусым 2023, 15:53 463

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі   «Қазгиромет» РМК-не сілтеме жасап. 

2023 жылғы 25 маусымда Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығынан туындайды..

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал екені болжанып отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: