Елімізде алдағы күндері үсік жүреді

12 Мамыр 2023, 11:27 818

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алдағы үш күнде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде 15 мамырда республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік аймақтарда, 14-15 мамырда оңтүстік-батыста нөсер жауын жауады деп болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болады.

Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады, тек 14-15 мамырда елдің солтүстік жартысында, түнгі уақытта 1-3 градус үсік күтіледі.

EL.KZ
Бөлісу: