Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

5 Тамыз, 13:43 497

Синоптиктер Қазақстанда 6, 7 және 8 тамызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі циклон ықпалында болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, бұршақ жауады.

 6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда еліміздің солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Елдің оңтүстігінде күндіз +38+45 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі, республиканың қалған бөлігінде температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: