Елордада ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесу барысында министр Көкөніс сақтау жол картасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер субсидия арқылы қоймалар салуға мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. Бұл ретте мемлекет құрылысқа кеткен қаражаттың 40-50 пайызын өтеп береді. Министрлік алдағы 3 жылда 87 жеміс сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр. Қоймалардың жалпы сақтау көлемі 350 мың тоннаға жуықтайды.
Біз ірі және орта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз өнімдерін сақтай алуы тиіс деп есептейміз. Шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көпшілігінде өнім егістіктен алынады және ол маусымнан тыс уақытқа жетпейді. Біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріміз аз пайда табады, - деді Ербол Қарашөкеев.
Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін мамыр-маусымға дейін сақтау міндеттемесін алып отыр. Сондай-ақ, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан ерте пісетін көкөністерді төмен бағамен жеткізу туралы келісу жоспарланған. Қазір Қазақстанда маусымаралық кезеңде сақтау сапасына байланысты күзгі көкөністер жетіспейді, ал ерте түсетін көкөністер әлі жоқ. Сондықтан жыл сайын бағаның өсуі байқалады.
Бұл жерде мәселе, әрине, оңай емес. Бірақ оны көкөністерді сақтау арқылы шешу керек, - деді министр.