28.03.2023
14:53
2727
Елімізде 82 адамнан қызылша ауруы анықталды

Елімізде 82 адамнан қызылша ауруы анықталды

Биыл қаңтар айынан бастап Ұлттық сараптама орталығында секвенирлеу әдісімен қызылшаны анықтауға 270 зерттеу жүргізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
 
Сараптама барысында 82 сынама оң нәтиже берді. Зерттеулердің анағұрлым көп саны Алматы қаласында, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілді. Қазіргі уақытта ҰСО-ның барлық филиалдары қызылшаны анықтауға арналған тест-жүйемен қамтамасыз етілген.
 
Қызылша – бұл жоғары температура, интоксикация, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюнктивит және бөртпе түрінде көрінетін жіті вирустық ауру. Вирус ауа арқылы әрі ұзақ қашықтыққа да оңай тарайды.
 
Қызылшаның алдын алудың жолы – вакцинация. Міндетті түрде дезинфекция жасалуы тиіс, үй-жайды желдету, дымқыл тазалау, басқа (науқас емес) адамдармен байланыстың болмауы.