21.12.2022
19:34
1942
Елімізде 75,7 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім өндірілді

Елімізде 75,7 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім өндірілді

2022 жылдың 10 айында Қазақстанда 75,7 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Импорт үлесі - 93,4 мың тонна тәтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға артық. Сырттан әкелінген өнімнің үлес салмағы 55,2% құрады.

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 140,2 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім сатылды. Бұл ретте экспортқа 28,9 мың тонна тәтті жіберілді.