Елімізде 5 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

10 Наурыз, 00:23 1599

9 наурыз сағат 22:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 5 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысында - жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол.(қар көшкіні қаупіне байланысты)
1. "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары", Берел а.-Рахман қайнары.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол.
(қар көшкіні қаупіне байланысты)
1. «Қызылорда-Павлодар» - Ұлытау обл. шек. - Топар ауылы
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 543 шақырымды құрайтын 2. автожолда
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін)
2. «Кызылорда-Павлодар» - Жезқазған қ. - Қарағанды обл. шек.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп –ұстауға 350 бірлік техника және 395 жолшы жұмылдырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: