Елімізде 5 718 жеке тұрғын үй су астында қалды

18 Сәуір, 10:35 532

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ел аумағында су тасқыны тұрақты-күрделі режимде өтіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 18 651 адам өз үйлеріне оралды. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды, - деді спикер.

ТЖМ өкілінің айтуынша, 6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 718 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 156 адам, 4 611 техника, 860 су сору құралы, 332 жүзу құралы, 18 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: