Елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады

7 Тамыз, 14:08 498

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8-10 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады, жаңбыр 8-9 тамызда – батыста, 8-10 тамызда – солтүстік-батыста, солтүстікте, 9-10 тамызда – орталықта, 10 тамызда шығыста күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38+45°С ыстық, ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15+22°С дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: