Елімізде 400 мыңнан астам адам қант диабетімен есепте тұр

14 Қараша 2022, 20:32 1371

14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

Қазақстанда қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

Әлемде қант диабетімен ауыратын ересектердің саны соңғы 20 жылда үш есе көбейді. Жалпы дүниежүзінде қант диабетіне 400 миллионнан астам адам шалдыққан.

«Қазақстан Республикасында қант диабетімен ауыратын науқастар санының жыл сайын тұрақты артуы байқалады (қазіргі уақытта жалпы саны 400 мыңнан астам адам, 2030 жылға қарай күтілетін саны – 800 мыңнан астам). Бұл пациенттер санының 10 жылда 2,5 есеге ұлғаюының жалпы әлемдік үрдісін растайды (IDF атласы, 2019).
Соңғы 10 жылда елдегі пациенттердің саны 2 есе көбейді.

Биылғы 1 шілдеге дейін қант диабетімен динамикалық бақылауда 439 327 адам, оның ішінде 1 типті ҚД диагнозымен – 26778 адам (21989 ересек және 4789 бала) тұрады. Есепте 2 типті ҚД диагнозымен-412 549 адам (412 206 ересек және 343 бала) тұрады», - делінген министрлік мәліметінде.

Әлемде адамдар инсулинді алғаш рет 1922 жылы 11 қаңтарда қолданды. Оған дейін науқастар «қант диабеті» диагнозын өлім жазасы ретінде қабылдап келген еді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 1 және 2 типті қант диабеті бар барлық пациенттер жеңілдетілген дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде инсулиндермен, тест-жолақтармен, инсулин помпаларымен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда қант диабеті – Қазақстандағы ең қымбат әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірі. 2021 жылғы наурыз – 2022 жылғы наурыз аралығында диспансерлік пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалған шығын 29,3 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 36% жоғары.

«Қант диабетін емдеуге арналған денсаулық сақтау жүйесінің шығындары үлкен. Егер біз жақын арада қант диабеті проблемасын шешпесек, бұл аурудың профилактикасына инвестиция салмайтынымызды, болашақта бұл шығындардың артатынын айта кеткен жөн», - делінген министрлік мәліметінде.

Осы орайда азаматтар өзінің өмір салтына, тамақтануына, физикалық белсенділігіне назар аударғаны маңызды. Сондай-ақ жылына кемінде 1 рет қандағы қант деңгейін анықтап отыру қажет.

EL.KZ
Бөлісу: