23.02.2026
17:15
1397
Елімізде 40 градусқа дейін аяз болады

Елімізде 40 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» синоптиктері 24-26 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Арктикалық суық жақындап келеді

Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон ықпал етеді. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, арктикалық ауа массаларының енуіне байланысты ауа температурасы күрт төмендейді.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде ғана жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болады, – деп хабарлады синоптиктер.

Түнгі уақытта батыс өңірлерде ауа температурасы 15-25 градус аязға дейін төмендейді. Солтүстік пен орталықта 28-37 градусқа дейін суытады. Шығыс аймақтарда 32-40 градусқа дейін аяз болады. Ал оңтүстікте түнде 0-10 градус аяз болады.

Астана

24 ақпанда елордада бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы -29…-31°С, күндіз -18…-20°С.

25 ақпанда да жауын-шашынсыз, құбылмалы болады. Жел шығыстан соғады – 3-8 м/с. Түнде -24…-26°С, күндіз -15…-17°С.

26 ақпанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел 7-12 м/с дейін күшейеді. Түнде -22…-24°С, күндіз -16…-18°С.

Алматы

24 ақпанда Алматыда ауа райы құбылмалы болады, қар жауады деп күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан жел 3-8 м/с, кейде екпіні 13 м/с-ға дейін жетеді. Түнде -3…-5°С, күндіз 0…+2°С.

25 ақпанда да түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын жалғасады. Кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел 3-8 м/с. Түнде -5…-7°С, күндіз +2…+4°С.

26 ақпанда ауа райы бұлтты болып, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Тұман мен көктайғақ сақталады. Жел екпіні – 3-8 м/с. Түнде -3…-5°С, күндіз +2…+4°С.

Шымкент

24 ақпанда Шымкентте ауа райы құбылмалы, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман түседі. Жел екпіні – 8-13 м/с. Түнде 0…+2°С, күндіз +11…+13°С.

25 ақпанда жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел екпіні – 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде +3…+5°С, күндіз +12…+14°С.

26 ақпанда да жаңбырлы ауа райы сақталады. Тұман болуы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде +3…+5°С, күндіз +7…+9°С.