Елімізде 382 асфальтбетон зауытының 109-ы ғана талапқа сәйкес деп танылған

9 Шілде, 11:54 493

Қазақстанда 2024 жылы 382 асфальтбетон зауыты тексерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» асфальтбетон зауыттарына ауқымды инспекция жұмыстарын жүргізді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 382 кәсіпорынды тексеру нәтижесінде оның 109-ы әзірленген талаптарға толық сәйкес деп танылды. Қалған 273 асфальтбетон зауытына ұсыныстар берілді. Бүгінгі таңда 127 өндіріс оларды толық көлемде орындап, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: