Биыл 364 мың бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1 қыркүйектен бастап 7700 білім беру ұйымына 3 млн 900 мың бала білім алады. Олардың 364 мыңы бірінші сынып оқушысы.
Бүгінде еліміз бойынша 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың 89,1% мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған. Жыл басынан бері бұл бағытта өсім байқалады. Егер бірінші тоқсанда 10 мың орынға арналған 117 ұйым ашылса, қазір 30 мың орындық 308 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады, - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Сонымен қатар жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Министр биыл 460 мың бала үшін 65,3 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.