Елімізде 3 жасар баланың омыртқасына бірегей операция жасалды

23 Мамыр 2023, 20:55 968

Құны 2 млн теңгеден асатын бұл операция бала үшін МӘМС жүйесі аясында тегін жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Академик Батпенов атындағы ҰҒТО дәрігерлері ресейлік әріптестерімен бірге 3 жасар баланың омыртқасына жаңа жоғары технологиялық әдістемені қолдана отырып, бірегей операция жасады.

3 жастағы Е.-дегі омыртқа патологиясын дәрігерлер анасының құрсағында жатқанда-ақ анықтады. Ұл туғаннан кейін ата-анасы одан ешқандай ауытқуларды байқамады. Бірнеше жылдан кейін ғана олар арқасынан «томпақты» байқай бастады. Бұл артық жартылай омыртқа еді. Ол оның қозғалысына кедергі келтірмеді және баланы ешқандай мазаламады. Бірақ болашақта ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, - дейді дәрігерлер.

Сколиоз - омыртқа осінің бүйірлік қисаюы. Жақында отандық дәрігерлер омыртқаның қисаюымен (сколиоз) балаларға жиі операция жасайды. Алайда, бала Е.-нің емі басқаша. Ғалымдардың ең жаңа әзірлемесі - титан металл конструкциясы алғаш рет балаға туа біткен сколиоздың ауыр түрін түзету үшін орнатылды.

Хирургия біз жоспарлаған көлемде жасалды. Бала қазірдің өзінде үйге шығарылды. Бұл әдістің бірегейлілігі - ерте шақтағы балаға  жасалатын бір ғана операцияның арқасында дәрігерлер омыртқаның туа біткен қисаюын толығымен түзетеді және баланың одан әрі өсуі мен дамуына қолайлы жағдай жасайды, - деп түсіндірді Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТО бөлімшесінің меңгерушісі Сейдали Әбдалиев.

Операция барысында компьютерлік томография деректері бойынша осы пациент үшін арнайы 3D-да басып шығарылған жеке бағыттаушы шаблондар пайдаланылды. Осы бағыттаушылардың арқасында дәрігерлер металл құрылымының тірек элементтерін дәл және дұрыс орнатты. Бұл хирургиялық араласу уақытының қысқаруын қамтамасыз етті, балаға радиациялық жүктемені едәуір азайтты, операцияның жарақаттаушылығы азайды және ең бастысы металлификация ұзақтығы азайды.

Операция 2 сағатқа созылды және сәтті өтті. Екі жылдан кейін құрылғыны алып тастауға болады, дейді дәрігерлер. Осы уақыттың ішінде ол омыртқаның туа біткен проблемаларын түзетеді және нәрестеге толық өмір сүруге мүмкіндік береді.

Мен ұлыма осындай күрделі операция жасаған дәрігерлерге ризамын. Барлығы біз үшін алаңдады, операция сәтті өтті. Қазір бала өзін жақсы сезінеді. Ол мультфильмдер көріп, ойыншықтарымен ойнайды, - деп баланың әкесі қуанышымен бөлісті.

Елімізде бүгінгі күнге дейін омыртқаның қисаюы бар 40 мыңнан астам пациент анықталды, оның 80%-дан астамы балалар мен жасөспірімдер.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттерге өзінің ресми кері байланыс арналары арқылы медициналық көмек алу мәселелері бойынша онсультация беретінін естеріңізге сала кетейік. Бұл Qoldau 24/7 мобилдік қосымшасы, Ресми сайт fms.kz  және Telegram-дағы @saqtandyrýbot, сондай-ақ 1 маусымнан бастап 1406 нөмірінен Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу 1414 нөміріне ауысатынын еске саламыз.

Перизат Саденова
Бөлісу: