27.01.2023
20:51
1279
Елімізде 3 652 адам шетелдік көлігін заңдастырды

Елімізде 3 652 адам шетелдік көлігін заңдастырды

Ішкі істер министрлігі шетелдік автокөліктерді заңдастырудың бесінші күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін заңдастырудың бесінші күні 24 438 өтінім алдын ала мақұлданды.

3 652 авто заңдастырылды.

Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмір берілді.