Елімізде 28 мыңнан астам құтқарушы бар

19 Қазан 2023, 12:44 1580

1995 жылы 19 қазанда ҚР Президентінің жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар мемлекеттік комитеті құрылды. Қазіргі уақытта халықты төтенше жағдайлардан, түрлі сипаттағы апаттардан, өрттерден және табиғи апаттардан қорғау үшін елде Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істейді. Биыл тәуелсіз Қазақстан ТЖ қызметтерінің құрылғанына 28 жыл толды.

Министрлік – республиканың мемлекеттік органдар жүйесіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарымен күресу сияқты жауапты міндеттерді орындайтын қуатты кәсіби құрылым. ТЖМ мен оның комитеттерінің Қазақстанда жүзден астам ведомстволық бағынысты ұйымы бар. Құтқарушылардың жалпы саны 28 мыңнан астам адамды құрайды. Күн сайын құтқару қызметінің мамандары төтенше жағдайларды жою және адамдарды құтқару үшін екі жүзге жуық шақыртуға барады.

Қазіргі уақытта Астананы өртке қарсы қорғауды 18 өрт сөндіру бөлімшесі жүзеге асырады. Астана қаласының әкімдігі бес өрт сөндіру депосын салу бойынша жұмыс істеп жатыр. Көктал көшесі ауданында төрт шығуға, Ильинка тұрғын ауданында Жанқожа батыр және Доспамбет жырау көшелері ауданында екі шығуға, №28 көше бойынша 6 шығуға, Интернациональный темір жолына екі шығуға, Тельман темір жолына төрт шығуға арналған өрт сөндіру депосы салынуда, - деді Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы.

Елордалық ТЖД-де 205 бірлік техникасы бар. 2021 жылы қала әкімдігі 2,5 млрд теңгеге 48 негізгі және арнайы техника сатып алды. ТЖД техникасымен материалдық-техникалық жарақтандыру 100% құрайды.

Біз құтқарушы батырларымызды мақтан тұтамыз. Адам өмірі мен мүлкін құтқарып, кәсіби міндеттерін орындай отырып, мәңгі жүрегімізде сақтаймыз. Қазір елорданың қауіпсіздік күзетінде екі мыңнан астам қызметкер еңбек етуде, - дейді Еркін Отарғалымұлы.

ТЖД-нің қызметкерлері – аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат көмекке келуге дайын мамандар. Жыл сайын елордалық гарнизон бөлімшелері орта есеппен 4000 мыңнан астам шақыртуға барады, 600-ден астам өртті сөндіреді, 1000-нан астам адамның өмірін құтқарады және эвакуациялайды. Кезекші тәулікте 101 және 112 қызметке күн сайын 1000-нан астам қоңырау түседі. Тек 9 айдың ішінде елордалық құтқарушылар дабыл бойынша 4242 рет шақыртуға барды. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде кезекші қарауылдардың жеке құрамымен 257 адам құтқарылды, қауіпсіз аймаққа 378 адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар биылғ елордалық өрт сөндірушілер Қостанай облысында (98 құтқарушы, 18 өрт техникасы), Абай облысында (103 өрт сөндіруші және 18 техника) және Павлодар облысында Ертіс орманы өртіне қарсы күресте әріптестеріне көмек көрсетті.

Сондай-ақ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары апатты жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына барып, қызметін абыроймен атқарып қайтты.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: