Елімізде 2,6 млн үй газға қосылған

29 Тамыз, 03:32 486

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табиғи газға қосылған абоненттер саны 2023 жылы 3,9% артты, 2022 жылдан бері көрсеткіш 102мыңға көбейіп, 2,6 млн үй шаруашылығын құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда табиғи газға 453,9 мың үй шаруашылығы, Астанада — 79,5 мың, Шымкентте — 245,8 мың үй қосылған.

Сонымен қатар Абай, Павлодар СҚО және Ұлытау облыстарында табиғи газға қосылмаған.

Көшедегі газ желісінің ұзындығы 2,2% өсіп, 2023 жыл соңына қарай 41,7 мың км құрады, оның 45,3% - қалалық жерде орналасқан.

Зарина Арман
Бөлісу: