Елімізде 2500-ден аса адам коронавирустан емделіп жатыр

27 Желтоқсан 2022, 09:02 796

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Өткен тәулікте 175 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2563 адам коронавирус инфекциясынан (-2429 + және 134 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 326 пациент стационарда, 2237 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 9 адамның жағдайы ауыр,

• 8 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: