Елімізде 220 мыңнан аса педагог жалақысына қосымша ақы алады

13 Қыркүйек 2023, 12:45 930

Елімізде 220 мыңнан аса педагог жалақысына 50%-ға дейін қосымша ақы алады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, республика бойынша 350 мыңнан аса педагог еңбек етіп жатыр. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады.

Педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Елімізде барлығы 73 мың 820 педагог-модератор, 81 мың 168 сарапшы, 71 мың 141 зерттеуші, 3 мың 482 шебер бар, – делінген ведомство хабарламасында.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%, яғни, 2 есе артты. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30% көбейді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: