Елімізде 2 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

26 Қаңтар 2023, 09:08 692

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Өткен тәулікте Қазақстанда 62 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

26 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 711 адам коронавирус инфекциясынан (–1 569+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 114 пациент стационарда, 1 597 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.

EL.KZ
Бөлісу: