Елімізде 150 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеген

22 Тамыз, 13:23 394

Елімізде өзін құмар ойындардан шектеген адамдар саны артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, мұндай адамдар саны 150 мыңнан асқан. Соның ішінде 149 973 адам онлайн (eGov mobile) өтініш берсе, 3 213 адам жазбаша өтініш қалдырған.

18 наурыздан бастап азаматтарға құмар ойындарға қатысуын 6 айдан 1 жылға дейін өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн сервис жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде өзіне тыйым салғысы келетіндер саны айтарлықтай өсті. Өзін-өзі шектеу тек заңды, лицензиясы бар ойын компанияларына қатысты.

Ranking.kz сарапшыларының бағалауы бойынша қазақстандықтар өткен жылы құмар ойындарға 368,7 млрд теңге жұмсаған. Бес жылдағы жалпы сома 1 триллион теңгеден асты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: