10.08.2023
18:19
2133
Елімізде 1441 көше мен 99 мектеп Абай есімімен аталады

Елімізде 1441 көше мен 99 мектеп Абай есімімен аталады

Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сәйкес өңірлерде Абай есімімен аталатын 1441 көше, 12 даңғыл, 99 мектеп, 4 колледж және 1 театр бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр Президент жарлығымен Абай облысы құрылып, әкімшілік орталығы болып Семей қаласы белгіленді. ҚР МСМ мәліметінше, одан бөлек Қазақстанда 1 қала, 3 аудан және 28 елді мекенге ұлы ақынның есімі берілген.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда Абай Құнанбайұлына 30-дан астам ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ әлемнің 18 мемлекетінде ұлы тұлғаға арналған монументалды өнер кешені бар. Атап айтқанда, Ташкент, Мәскеу, Бішкек қалаларында Абайдың ескерткіші болса, Ренн, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Ыстамбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков және Баку қалаларында бюсті қойылған, – деді мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.