Қазақстанда байланыс инфрақұрылымын белсенді жаңғырту жүргізілуде. 20 мың шақырымнан астам жаңа оптикалық-талшықты байланыс желілері орнатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1,2 мыңнан астам ауылдық елді мекендер интернет-қызметтерге қол жеткізді, ал 3,7 мың мемлекеттік және бюджеттік мекемелер кең жолақты интернетке қосылды.
Технология жетістіктеріне 20 ірі қалада 918 базалық стансасы бар 5G желісін іске қосу, сондай-ақ 4,8 мың ауылдық елді мекенді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету кіреді. Жаңа нормативті талаптарды енгізу байланыс сапасын едәуір жақсартты. Антифрод жүйесін енгізу алаяқтардан түсетін қоңыраулармен күресуге көмектесті.