19.07.2025
05:18
1150
Елімізде 11,4 млн тонна мал азығы дайындалды

Елімізде 11,4 млн тонна мал азығы дайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025–2026 жылғы қысқы кезеңге дайындық аясында мал азығын дайындау науқанының барысына мониторинг жүргізуді жалғастыруда6 деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Биыл мал азығы дақылдарының егіс алқабы 3,3 млн гектарды құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 128 мың гектарға артық (3,2 млн га). 

Жалпы қысқы маусымға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем-шөп (сенаж), 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құрама жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.

18 шілдедегі деректерге сәйкес, өңірлерде 11,4 млн тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде 10,6 млн тонна шөп (жоспардың 43,4%-ы) және 740 мың тонна сенаж (43,5%) әзірленген. Мұндай мәліметті министрлік ұсынды.
Жалпы мал азығымен қамтамасыз ету ахуалы тұрақты және ведомствоның тұрақты бақылауында екенін айта кеткен жөн.