Олардың жартысын Шымкент – Қызылорда тас жолындағы камералар тіркеді. Бұл туралы kolesa.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Орташа жылдамдықты тіркеу былтыр желтоқсанда республикалық трассалардың 16 бөлігінде сынақ режимінде іске қосылған еді. Биыл көктемнен бастап сегіз жердегі камералар айыппұл сала бастады. Енді мына жолдарда тіркеледі:
Астана – Щучинск (шектеу 140 км/сағ);
Астана – Павлодар (140 км/сағ);
Шымкент – Қызылорда (110 км/сағ);
Шымкент – Тараз (110 км/сағ);
Павлодар – Семей – Қалбатау (100–110 км/сағ);
Орал – РФ шекарасы (Саратов бағыты) (100 км/сағ);
Павлодар – РФ шекарасы (Омбы бағыты) (100 км/сағ);
Жібек жолы – Теміртау (140 км/сағ).
«Қазавтожол» ҰК мәліметінше, биыл наурыз бен тамыз аралығында камералар ережені елемейтін 109 мыңнан астам адамды анықтады. Барлық ақпарат полицияға жолданған. Мына бөліктерде ереже бұзғандар көп:
Шымкент – Қызылорда – 54 863;
Астана – Щучинск – 29 330;
Астана – Павлодар – 18 188.
Аз тіркелген бағыттар:
Павлодар – Семей – Қалбатау – 3882;
Шымкент – Тараз – 1980;
Павлодар – РФ шекарасы (Омбы бағыты) – 526;
Орал – РФ шекарасы (Саратов бағыты) – 365;
Жібек жолы – Теміртау – 164.
Бұған дейін жолшылар Астана – Щучинск тас жолының өзінде камералар тәулігіне 250-ден астам заң бұзу фактісін жазып алатын, жүргізушілер 140 км/сағ рұқсат етілгеніне қарамастан жылдамдықты 151 км/сағ-тан асырған. Олардың 13 %-ында бұл көрсеткіш 170 км/сағ болса, 7 %-ында 180 км/сағ-тан асып кетіпті.