Елімізде 1 миллионға жуық адам төмен жалақы алады

19 Сәуір 2023, 10:23 751

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол отырыста әлеуметтік салада халықты толғандыратын негізгі проблемалық мәселелер мен олардың шешу жолында жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.

Президент тапсырмасы аясында халықтың табысын арттыру бағдарламасын жетілдіріп, әлеуметтік кодекс әзірленді. Бұл бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Білім, ғылым, спорт, туризм және жастарды қолдауға бағытталған тұжырымдар қабылданды. Инфляцияның өсу салдары халықтың, әсіресе осал топтағы нақты табысының төмендеуіне өз әсерін тигізді, - деді.

Сондай-ақ Үкімет басшысының бірінші орынбасары төмен жалақы алатындардың саны қазіргі күні 1 миллионға жуық екенін айтты.

Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 800 мыңға жуықтаса, осы жылдың бірінші тоқсанында олардың саны 446 мыңды құрады. Негізгі бөлігі аз қамтылған отбасылар, - деді Алтай Көлгінов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: