Елімізде 1 802 адам коронавирустан емделіп жатыр

3 Сәуір 2023, 09:21 896

Өткен тәулікте Қазақстанда 28 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің 3 сәуірдегі мәліметі бойынша, 1 802 адам коронавирус инфекциясынан (–1 623+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 179 пациент стационарда, 1 623 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 3 адамның жағдайы ауыр,

• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: