Еліміз дзюдодан беделді халықаралық турнир өткізу құқығына ие болды

6 Ақпан 2023, 10:14 1034

Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен әлемдік Grand Slam жарысын елімізде өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы мәлімдеді.

Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысы аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев екіжақты келісімшартқа қол қойды.

Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды. Жарыс Астана жәәне Алматы қалаларында «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен өткізіледі. Сондай-ақ, жарыс аяқталғаннан кейін жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагері ұйымдастырылады.

"Құрметті Президент Есекеев, құрметті БАҚ өкілдері және дзюдо жанұясының барлық мүшелері, спорт елінде, жаңа энергия мен технология әкелетін елде іс-шараларға осы жаңа келісім-шартқа қол қою мен үшін үлкен қуаныш және құрмет. Қазақстанда дзюдо тарихы өте тереңде және дзюдо үлкен буыннан жастарға үздіксіз жалғасып келе жатыр. Олар әрқашан IJF пен Азияға көптеген іс-шараларды өткізу арқылы қолдау көрсетті. Дзюдодан ғана емес, сонымен қатар әдемі елдегі барлық спорт мәдениеті мен құндылықтары үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа танымалдық әкелетін жаңа серіктестік үшін рахмет. Қазақстан дзюдосына жемісті болашақ тілеймін", - деді Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер Мырза.

Өз кезегінде Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Мариус Визер мырзаға сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, жарысты жоғары деңгейде өткізетінін мәлімдеді.

«Визер мырзаға бізге қолдау білдіргені үшін рахмет. Grand Slam-дегі алғашқы қадам бізді дзюдо отбасына одан әрі жақындатады. Біз қатысушылар Қазақстанды жақсы танып білу үшін жарысты жылдың ең тамаша уақытында өткізетін боламыз.

Біздің тарапымыздан қазақстандық спортшылар бар күшін салады. Бұл ынтымақтастық ұлттық және халықаралық деңгейде одан әрі өсуге көмектеседі», - деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев.

EL.KZ
Бөлісу: