Еліміз бойынша су қоймаларындағы ахуал қандай

Еліміз бойынша су қоймаларындағы ахуал қандай

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің аумағындағы су қоймаларына қатысты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88,7 пайызға толды.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%, Солтүстік Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы 100%, Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97 пайызға жетті. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4% мөлшерінде. 

Ал Абай облысында Шүлбі су қоймасы 38,5%-ға толған. Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,5%-ға жеткені белгілі болып отыр. Ал Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92 пайызды көрсетті. 

Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.