Еліміз бойынша апаттық-құтқару жұмыстарына 17,5 мың адам жұмылдырылған

8 Мамыр, 18:11 515

Елімізде орын алған табиғи апат кезеңде қазақстандық құтқарушылар, әскерилер мен полицейлер халықты жойқын су тасқынынан қорғауда аянбай еңбек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ жедел штабының мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері еліміз бойынша апаттық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері бөлімшелерінің, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері, жалпы саны 17,5 мың адам жұмылдырылған.

Су тасқынынан қорғау жұмыстарына 7 мыңға жуық техника, 1,1 мыңнан астам су айдау және 418 жүзу құралы,  38 әуе кемесі тартылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: