Еліміз қазан айында тәулігіне 1,7 млн баррель мұнай өндіреді

6 Қыркүйек 2022, 08:09 1459

Отырыс барысында тамыз айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды EL.KZ ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Қазақстан атынан энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.

Отырыс барысында тамыз айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша тәулігіне 0,1 млн баррельге ұлғайту тек қыркүйек айы үшін ғана болғанын ескере отырып, қазан айындағы өндіру деңгейін тамыз айының деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылданды. Қазақстанның қазан айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.

EL.KZ
Бөлісу: