27.05.2023
06:18
1001
«Елімай» лигада қатарынан жетінші рет жеңді

«Елімай» лигада қатарынан жетінші рет жеңді

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінде «Елімай» жетінші ойын қатарынан жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бірінші лиганың 9-туры аяқталды. Көш басында келе жатқан Семейдің «Елімайы» қатарынан жетінші мәрте жеңіске жетті. Олар аталған турда Павлодар облысының «Екібастұз» клубынан 7:0 есебімен оқ бойы озық шықты.

Нәтижесінде 22 ұпаймен турнир кестесінде қайтадан көш бастап тұр. Одан кейінгі орынды 19 ұпаймен Түркістанның «Тұран» командасы иеленген.  

Сондай-ақ «Тараз» өз алаңында Шымкенттің «Оңтүстік академиясымен» 3:3 есебімен тең түссе, «Ақтөбе жастары» алматылық «Хан тәңіріне» 0:3 есебімен жол берді.