Елікті заңсыз атқан ақмолалық ұсталды

28 Қаңтар, 14:16 632

Ақмола полицейлері елді мекенге кірген елікті аулау фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер анықтағандай, 26 қаңтарда ауыл тұрғыны тұрғылықты  үйінің терезесінен елді мекенге кіріп, көрші үйдің аумағында жүрген үш сібір елігін көрген.

Ер адам үйде сақталған ТОЗ маркалы мылтықты алып, жабайы жануарларға бірнеше рет оқ атқан. Бір елікке оқ тиді, басқалары қашып құтылды. Содан кейін ауыл тұрғыны тұшаны сою үшін шаруашылық ғимараттарға апарды, алайда полицейлер оны сол жерде ұстады, - делінген мәліметте.

Полицейлердің заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сондай-ақ сараптамаға ер адамның айтуынша әкесінен қалған, бірақ тиісті түрде полицияда тіркелмеген қару-жарақ жіберілді.

Сараптама нәтижелері бойынша тергеушілермен соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Жансая Әділбек
Бөлісу: