09.07.2022
21:02
2540
Жаңалықтар

Елена Рыбакина “Уимблдон” жарысының жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Ұлыбритания жерінде өткен “Уимблдон” жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz

Қазақстан теннисінің тарихында тұңғыш рет еліміздің намысын қорғайтын теннисші “Grand Slam” жарысында жеңімпаз атанды.

Финалдық сында Елена тунистік теннисші Онс Жаберді тартысты өткен кездесуде, үш сеттің қорытындысында  3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.