Елена Рыбакинаның қанша табыс тапқаны белгілі болды

12 Шілде, 18:46 665

Әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдон-2024 жартылай финалында жеңіліс тапқанымен, Англиядан 400 миллион теңгеден астам қаржы алып кетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандық теннисші финалдың жолдамасы сарапқа салынған кездесуде чехиялық Барбора Крейчиковадан айласын асыра алмады. Рыбакина бірінші сетте әлемдік рейтингіде 32-орында тұрған чех қызын ұтып жатқан, алайда қалған екі сетте ойынынан жаңылып, қарсыласына жол берді.

Уимблдон сайтында жарияланған ресми құжатқа сәйкес, жартылай финалға шыққаны үшін Елена Рыбакина 715 мың фунт стерлинг ( салық ұсталғанға дейін) немесе 400 миллион теңге алады.  

Мадина Асылбекова
Бөлісу: