Елена Рыбакинаның бір жылда қанша табыс тапқаны белгілі болды

16 Қазан 2023, 22:49 608

«Teннисология» телеграм-арнасы әлемнің ең үздік он теннисшісінің, оның ішінде қазақстандық Елена Рыбакинаның бір жылдағы табысын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рыбакинаның табысы жыл қорытындысы бойынша төртінші орыннан көрінді. Елена жыл ішінде 4,6 млн доллар (шамамен 2 млрд 200 млн теңге) табыс тапты.

Жылдағы табысы ең жоғары он теннисшінің тізімі:

1. Арина Сабаленко – 7,3 млн доллар;
2. Коко Гауфф – 5,5 млн доллар;
3. Ига Швентек – 5,4 млн доллар;
4. Елена Рыбакина – 4,6 млн доллар;
5. Маркета Вондроушова – 4,2 млн доллар;
6. Джессика Пегула – 4,1 млн доллар;
7. Каролина Мухова – 2,8 млн доллар;
8. Oнс Жабер – 2,7 млн доллар;
9. Петра Квитова – 2,4 млн доллар;
10. Мэдисон Киз – 2,3 млн доллар.

Берік Арманов
Бөлісу: