28.01.2024
09:09
1040
Елена Рыбакинаның басты қарсыласы Аустралияда атағын қорғады

Елена Рыбакинаның басты қарсыласы Аустралияда атағын қорғады

Мельбурнде жекелей сында әйелдер арасында Аустралия ашық чемпионатының финалы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтық сында WTA рейтингінде 15-орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэнь мен әлемнің бірінші ракеткасы белорус Арина Соболенко кездесті.

Алғашқы сетті Соболенко еш қиындықсыз өз пайдасына шешті — 6:3, екінші кезең де белорус теннисшісінің басымдығымен аяқталды — 6:2. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.

Соболенко үш, ал оның қарсыласы алты эйс жасаса, үш брейкпойнтты жүзеге асырды. Осылайша, Арина қатарынан екінші рет Australian Open-де топ жарып отыр.

Естеріңізде болса, былтыр ол финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген.