10.08.2022
09:08
1876
Елена Рыбакинаның Торонто турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды

Елена Рыбакинаның Торонто турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы және Ұлыбритания Ашық чемпионатының 2022 жылғы жеңімпазы Елена Рыбакинаның Торонто (Канада) турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды El.kz порталы  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Финалдың 1/16 кезеңінде қазақстандық теннисші америкалық спортшы Кори Гауффпен кездеседі. АҚШ теннисшісі қазіргі сәтте әлемдік рейтингіде 11-орында тұр.
Бұған дейін Елена Рыбакина үш сағатқа созылған ауыр матчта Чехия өкілі Мария Боузкованы үш сетте ұтса, Гауфф отандасы Мэдисон Бренглді екі сетте жеңіп кетті.