Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі позициясынан айырылуы мүмкін

16 Қыркүйек 2023, 05:10 838

Қазақстанның алғашқы ракеткасы және Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатынан (US Open) кейін WTA рейтингінде төмен сырғиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

US Open қорытындысы бойынша америкалық теннисші Джессика Пегула қазақстандық спортшыны рейтингте басып озбақ. Өйткені ол 90 балл артық жинаған. Ал Рыбакина бесінші қатардан көрінетін болады.

АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында қазақстандық румын теннисшісі Сорана Кырстядан жеңілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: