Елена Рыбакина WTA рейтингінде өз орнынан айырылды

7 Қазан, 11:50 715

WTA әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төмен сырғыды.

Алғашқы үштік өзгеріссіз: польшалық Ига Швентек көш бастап тұрса, белорус теннисшісі Арина Соболенко – екінші, ал үшінші орында Джессика Пигула тұр. Ал бұған дейін төртінші сатыда болған Рыбакинаның орнын американдық Кори Гауфф басты. Енді еліміздің үздік теннисшісі алғашқы бестікті түйіндеп тұр.

Сонымен қатар қазақстандық Юлия Путинцева да өз орнынан жоғалтқан. Ол үш орынға төмендеп, 35-орынға жайғасты. Есесіне Анна Данилина жағдайын жақсартты. Жұптық сында Анна үш саты көтеріліп, 31-орынға тұрақтады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: