Елена Рыбакина WTA-500 турнирінің финалына шықты

21 Сәуір, 05:14 739

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA-500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан аламанның жартылай финалында қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің төрт дүркін жеңімпазы польшалық Ига Швёнтектен басым түсті.

Матч 6:3, 4:6, 6:3 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Теннисшілер арасындағы кездесу 2 сағат 49 минутқа созылды. Матч барысында Рыбакина 20 брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды. Өзара кездесулер қорытындысы бойынша да Елена алда тұр – 4:2.

Штутгарттағы жарыстың финалында Рыбакина чехиялық Маркета Вондроусованы жеңген украиналық теннисші Марта Костюкпен өзара кім мықтыны анықтайды.

Әлемдік рейтингіде 27-орында тұрған Костюк әлемнің сегізінші ракеткасын екі сет қорытындысы бойынша ұтты. 21 жастағы Марта қарсыласынан 7:6, 6:2 есебімен басым түсті. Ойын бір сағат 35 минутқа созылды.

Зарина Арман
Бөлісу: