Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді. Бірақ аустралиялық матчқа қатысудан бас тартты да, Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елена украиналық теннисші марта Костюкті де жеңген болатын (39-орын) - 6:2, 6:1.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен жолығады. Ол екінші кездесуінде рейтингте 89-сатыдағы ресейлік Анна Калинскаяны 6:3, 6:4 есебімен ұтты.