20.10.2022
16:45
1748
Елена Рыбакина үлкен WTA турниріне қатыса алмайды

Елена Рыбакина үлкен WTA турниріне қатыса алмайды

Соңғы WTA турнирі Уимблдон чемпионы, қазір рейтингте 24-ші орында тұрған Елена Рыбакинасыз өтеді, деп хабарлайды EL.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің бесінші ракеткасы мен Гвадалахарадағы (WTA-1000) турнирдің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуледен жеңіліп қалды.

2 сағат 5 минутқа созылған кездесу 6:2, 3:6, 6:7 (8) есебімен аяқталды. Америкалық теннисшінің келесі қарсыласы канадалық Бианка Андрееску (59) болмақ.