10.07.2024
22:29
1414
Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына шықты

Әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финалда жерлесіміз әлемнің 21-ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны ұтты - 6:3, 6:2. Матч 1 сағат 2 минутқа созылды.

Осылайша, өзара кездесулер бойынша Елена алға шықты - 3-2. Бұл Рыбакинаның Уимблдондағы 19-жеңісі.

Финал жолдамасына таласта Елена чехиялық Барбора Крейчиковамен кездеседі. Чех қызы әзірге WTA рейтингінде 32-орында тұр. Ол ширек финалда латвиялық Елена Остапенкодан басым түсті - 6:4, 7:6(4).

Тағы бір жартылай финалда әлемнің 37-ракеткасы хорватиялық Донна Векич пен Ролан Гаррос финалисі, әлемнің 7-ракеткасы италиялық Ясмине Паолини өзара кім мықтыны анықтайды.