19.08.2022
16:33
1335
Елена Рыбакина Цинциннатидегі теннис турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Цинциннатидегі теннис турнирінің ширек финалына шықты

Цинциннатидегі WTA 1000 - Western & Southern Open сериясындағы турнирдің үшінші айналымындағы матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің 29-шы ракеткасы америкалық Элисон Рискені жеңді, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Кездесу бір жарым сағатқа созылды. Елена тоғыз эйс жасап, 13 брейк-поинттің төртеуін іске асырды.

Жартылай финалға шығу үшін Елена Рыбакина Мэдисон Кизбен (АҚШ) ойнайды.