Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті

Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Төртінші айналымда қазақстандық теннисші әлемнің алтыншы ракеткасы, америкалық Мэдисон Кисті 6:7 (3:7), 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Енді турнирдің ширек финалында отандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.