Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 92-орында тұрған украиналық Леся Цуренкомен кездесуі керек еді.
Алайда қарсыласы матчқа шыққан жоқ. Осылайша, Е.Рыбакина ойнамастан жартылай финалға өтті.
Елена Рыбакина доданың финалына шығу үшін әлемнің 18-інші, жарыстың 2-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майя немесе рейтингте 65-сатыдағы румыниялық Ана Богданның біреуімен таласады.