Елена Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті.

Бұған дейін турнирде Елена Рыбакина ресейлік теннисші Вероника Кудерметованы (19-орын) – 7:6, 1:6, 6:4, италиялық Жасмин Паолиниді (14-орын) – 6:3, 5:7, 6:3, Ига Швятекті (1-орын) – 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңген.